16 жастағы қазақ теннисшісі Australian Open турнирінде тағы сенсация жасады

Редактор
22.01.2024, 09:33

Ширек финалға шығу үшін жерлесіміз оңтүстіккореялық теннисшіні жеңуі керек

olympic.kz

Жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Аустралия ашық біріншілігінде Қазақстан теннисшісі Әмір Омарханов 1/8 финалға шықты.

Екінші айналымда 16 жастағы отандасымыз Ұлыбритания өкілі Виктор Фридрихті 3:6, 7:6 (8:6), 6:3 есебімен үш сетте жеңіп, жарыстың сенсациясын жасады. Матч 2 сағат 15 минутқа созылды.

Келесі айналымда Омархановтың қарсыласы оңтүстіккореялық Хен Ким болмақ. Ол осы жарыстың 14-ші ракеткасы.

Айта кету керек, бірінші айналымда қазақ теннисшісі турнирдің бірінші ракеткасы саналған италиялық Федерико Чинды жеңіп, көпшіліктің қошеметіне бөленген еді.

Australian Open турнирінің барлық матчын тікелей эфирде тегін көріп, 1 млн теңге фрибеттер ұтысына қатысыңыз және шотты бірінші толтырғанға 200 000 теңге бонус алыңыз – FONBET сайтына және мобильді қосымшасына келесі сілтеме арқылы тіркеліңіз.