Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Australian Open: ширек финалға шыққан барлық теннисші анықталды

Редактор
22.01.2024, 17:16

Қазақстан теннисшілері жарысты ерте аяқтаған

Vanguard News

Теннистен Аустралияның ашық біріншілігінде ерлер арасында ширек финалға шыққан спортшылар есімі болды. Жартылай финалға жолдама беретін сында әлемнің үздік 8 теннисшісі 4 жұпта өзара мықтыны анықтайды.

Ерлер арасында сербиялық Новак Джокович АҚШ теннисшісі Тейлор Фрицпен шеберлік байқасады. Ал ресейлік Андрей Рублев Италия спортшысы Янник Синнермен сынға түседі. Данил Медведев болса польшалық Хуберт Хуркачпен, испан теннисшісі Карлос Алькарас неміс Александр Зверевпен өзара мықтыны анықтамақ.

Сонымен бірге, әйелдер арасында ширек финалға шыққан 7 теннисшінің есімі белгілі болды. Олардың арасында чехиялық Линда Носкова мен украиналық Даяна Ястремская, украиналық Марта Костюк пен америкалық Коко Гауфф, чехиялық Барбора Крейчикова мен Арина Соболенко сайысқа түседі. Ал Анна Калинскаяның ширек финалдағы қарсыласы қытайлық Синвэнь Жен мен франциялық Осеан Доден жұбының жеңімпазы болады.

Бұл чемпионатқа қатысқан Қазақстан теннисшілерінің барлығы жарысты ерте аяқталады.

Жарнама
Жарнама

Материалда: