Заңғар Нұрланұлының келесі қарсыласы – ресейлік Тимофей Дерепаско
Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатынының ширек финалына шықты.
ITF Juniors рейтингісінде 54-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы үшінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің 8-ракеткасы, финляндиялық, 18 жастағы Оскари Палданиустан айласын асырды. Полданиус ересектер арасында ATP рейтингісінде 991-сатыда тұр.
Бірінші партияда фин теннисшісі 6:3 есебімен басым түсті. Бұдан кейін камбэк жасай білген Заңғар қарсыласын тұқыртып тастады – 6:1, 6:2.
Осылайша, тағы бір сенсация жасап, ширек финалға өткен Заңғар Нұрланұлының келесі қарсыласы – ресейлік Тимофей Дерепаско.
Заңғарды айтулы табысымен Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов құттықтады.