Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Заңғар Нұрланұлы US Open-де ресейлік теннисшіні жеңіп, жартылай финалға шықты

Редактор
04.09.2025, 23:53

17 жастағы қазақстандық теннисші тарихи жетістікке жетті

KTF

АҚШ-тың әйгілі Флашинг-Медоус корттарында өткен ширек финалда 17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы 13-ші нөмірлі спортшы — ресейлік Тимофей Дерепасконы (ATP рейтингі – 925) сенімді жеңді. Кездесу нәтижесі — 6:2, 6:4.

Басынан-ақ қарқынды ойын өрнегін көрсеткен Нұрланұлы қарсыласына еш мүмкіндік бермей, жасөспірімге тән емес байсалды әрі агрессивті ойынымен көзге түсті.

Жартылай финалда Заңғар Нұрланұлы әлемдік ITF Juniors рейтингінде бірінші орында тұрған болгар Иван Иванов пен германиялық Максим Шонхауес арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама