Жарнама
Жарнама

Елена Рыбакина WTA-2025 турнирінде Ига Швентекті ойсырата жеңді

Редактор
03.11.2025, 21:11

Енді Елена Рыбакина АҚШ спортшысы Мэдисон Кизбен (WTA – 7-орын) кездеседі

© Matthew Stockman / Staff / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан WTA-2025 қорытынды турнирінде WTA рейтингінде 6-орындағы қазақстандық Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы саналатын польшалық Ига Швентекке қарсы ойын өткізді.

Көпшілік бұл матчта Швентекті фаворит деп бағалағанымен, жеңіс Рыбакинаның еншісіне жазылды.

Қазақстан теннисшісі аталған кездесудің алғашқы сетінде 3:6 есебімен жеңілгеннен кейін ойын тізгінін өз қолына алды. Ол екінші және үшінші сетте 6:1, 6:0 нәтижесімен айқын басымдық танытып, жеңіске жетті.

Бұған дейін де Рыбакина топтық кезеңдегі алғашқы ойында америкалық Аманда Анисимованы (WTA - 4-орын) 6:3, 6:1 есебімен жеңген еді.

Топттық кезеңнің соңғы матчында Елена Рыбакина АҚШ спортшысы Мэдисон Кизбен (WTA – 7-орын) кездеседі деп күтіліп отыр. Қазіргі уақытта отандасымыз әлемдік рейтингте алтыншы орнын сақтап тұр. Егер аталған турнирде көрсеткіші жақсарса, алда әлемдік рейтингте жоғарылауы мүмкін.

Реклама
Реклама