Швентек қарсыласының мықты қырларын атап өтті
WTA-2025 маусымының қорытынды турнирі аясында Эр-Риядтағы топтық кезеңде Елена Рыбакина мен Ига Швентек кездескен матч жанкүйерлер есінде ұзақ сақталары анық. Қазақстандық спортшы әлемнің екінші ракеткасын 3:6, 6:1, 6:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, турнирдің ең жарқын ойындарының бірін көрсетті.
Ойыннан кейін алты дүркін "Үлкен дулыға" турнирлерінің жеңімпазы Ига Швентек жеңіліске қатысты өз ойымен бөлісті. Польша өкілі тактикалық өзгерістер енгізбегенін айтып, басты мәселе тұрақсыз ойында екенін мойындады:
«Шынымды айтсам, ешқандай өзгеріс жасауды жоспарламадым. Егер ойын барысында бұл байқалса, матчты қайта қарап көремін. Алғашқы сетте бәрі жақсы еді, бірақ кейін қателер көбейді, жылдам доптарға жауап беруде тұрақтылық жоғалды. Тактиканы өзгерттім деп айта алмаймын – сол ойын мәнерін жалғастыруға тырыстым, тек сәл нашар орындадым. Елена көбірек дәл соққылар жасап, өз сервисінде сенімді болды. Менің қабылдауым нашарлады. Кейде спортта қысым кезінде дұрыс шешім қабылдай алмай қаласың. Бұл соның мысалы».
Швентек қарсыласының мықты қырларын да атап өтті:
«Рыбакина әрдайым өте жақсы ойнайды, мұны мойындау керек. Бұл жолы да ол сенімді ойнады. Менің қабылдау мүмкіндігім аз болды. Бұл кездесуді қайта қарап, неге солай болғанын талдап шығамын», — деді ол Sport.pl басылымына.