Жамбыл мен Алматы облысының командалары үштікте
Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7:00-де 17 команда Солтүстік Қазақстан облысы, Ботай қонысынан жорықты бастап, Ақмола облысының аумағындағы Лесное елді мекенінде аяқтады.
Жалпы, жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысы және Астана қаласын қамтиды. Марафон 7 қыркүйекте Астанада аяқталады.
Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің 100 шақырымын бағындырды. Ертең командалар екінші кезеңді бастайды, Лесное ауылынан басталатын жорық Атбасар елдімекеніне барып тоқтайды.
Бірінші кезең қорытындысы бойынша Қырғызстан командасы жеңімпаз атанды. Жамбыл облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, үздік үштікті Алматы қаласының командасы түйіндеді.
100 км. Қорытындысы
1. Қырғыз Республикасы. 05:12:23
2. Қазақстан Республикасы. Жамбыл облысы. 05:24:19
3. Қазақстан Республикасы. Алматы қаласы. 05:25:18
4. Қазақстан Республикасы. Маңғыстау облысы. 05:30:46
5. Қазақстан Республикасы. Қостанай облысы. 05:40:10
6. Ресей Федерациясы. Қарашай-Шеркеш Республикасы. 05:44:13
7. Ресей Федерациясы. Қабардин-Балқар Республикасы. 05:49:35
8. Қазақстан Республикасы. Шығыс Қазақстан облысы. 05:50:21
9. Қазақстан Республикасы. Жетісу облысы. 05:55:17
10. Мажарстан. 06:02:18
11. Қазақстан Республикасы. Ақтөбе облысы. 06:10:51
12. Қазақстан Республикасы. Маңғыстау облысы, «СУЫН» қыздар командасы. 06:19:50
13. Қазақстан Республикасы. Ақмола облысы «ТОМИРИС» қыздар командасы. 07:05:58
14. Түркия Республикасы. 07:39:04
15. Иран Ислам Республикасы. 08:00:46
16. Оңтүстік Африка Республикасы. 08:04:33
17. Ресей Федерациясы. Татарстан Республикасы. 08:43:22
Марафон жұмысына 2 халықаралық және 5 қазақстандық судья, сондай-ақ 4 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.