Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қырғыздарды қорқытқан жоқпыз – ҰҚК мәлімдеме жасады

Редактор
13.09.2024, 17:29

Қазақ-қырғыз командалары арасындағы көкпар төбеоеске дейін ұласты

El.kz

Дүниежүзілік көшпенділер ойынында көкпардан финалдық матч төңірегіндегі дау әлі басылар емес. Ақтық сында Қазақстан командасынан жеңіліп қалған қырғыз құрамасының бапкері күні кеше мәлімдеме жасап, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті өздерін қорқытқанын айтқан еді.

Дегенмен, бүгін ҰҚК өкілдері ресми түрде бұл ақпараттың өтірік екенін айтты. Яғни, қырғыз көкпаршыларын қорқытпадық дейді Комитеттің баспасөз қызметі.

«Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. ҰҚК қызметкерлері Дүниежүзілік көшпенділер ойынында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысып жатқан жоқ. Тек қана ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Көкпардан Қырғызстан құрамасын бастап келген Эрлан Абдыкапаров болса кешегі ойын барысында өзіне қоқан-лоқы жасалғанын ашық айтып отыр. Өзін ҰҚК қызметкерімін деп таныстырған азамат «ұлттық алауыздық туындатпаңдар» деп ескерту айтқан көрінеді.

Ал, финалдық матч 5:4 есебімен Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды.

Жарнама
Жарнама