Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Қазақстан барысы» Ерасыл Қажыбаев Абай облысы әкімдігі берген пәтерді әлі ала алмай жүр

Редактор
12.04.2025, 23:30

Облыс әкімі ауысып кеткендіктен балуан өзіне тиесілі пәтерді кімнен сұрарын білмей жүрсе керек

Абай облысы әкімдігі

Қазақ күресінен «Қазақстан барысы-2024» турнирінде топ жарған семейлік Ерасыл Қажыбаев облыс әкімі сыйлаған пәтерді әлі алмағанын айтты. «Спорт+» арнасына сұхбат берген балуан бір жыл өтсе де үмітімді үзбедім дейді.

Айта кетейік, пәтердің сертификатын Ерасылға былтыр Абай облысының сол кездегі әкімі Нұрлан Ұранхаев табыстаған. Алайда, қазір не әкім жоқ, не пәтер жоқ.

«Пәтердің сертификатын бергенмен, кілтін әлі алған жоқпын. Жарты жылдан асса да табысталмады. Облыс әкімі де ауысып кетті. Нұрлан Ұранхаевтың орнына Берік Уәли келгендіктен, табыстаудың әлі реті келмей жатқан шығар деп ойлаймын», - деді Ерасыл Қажыбаев.

Естеріңізде болса, Ерасыл Қажыбаев ұлттық күрес турнирінде айтулы жетістігіне былтыр қазан айының соңында қол жеткізген болатын. Осыдан кейін балуанға белгілі меценат Дулат Тастекеев жол талғамайтын қымбат көлікті сыйға тартты.

Жарнама
Жарнама