Бәйге 19 сәуір сағат 12:00-де басталады
Қызылорда ипподромында бәйгеден Қазақстан Республикасы Чемпионатының екінші кезеңі өтеді. Турнир Olimpbet қолдауымен ұйымдастырылып, ұлттық ат спорты әлеміндегі басты оқиға мәртебесін сақтап келеді.
Үшінші маусым қатарынан өткізіліп жатқан Қазақстан Республикасы Бәйге чемпионаты – Olimpbet ұлттық спорт түрін қоғамдық назардың ортасына қайта әкеліп, географиясын кеңейтуде.
Қызылордадағы жарысқа қатысушыларды 22 700 000 теңге жүлде қоры мен қыркүйекте Таразда өтетін финалға жолдамалар үшін тартысты күрес күтіп тұр.
Жарыс бағдарламасында төрт бәйге түрі бар:
Бәйге – бұл тек төзімділік сайысы ғана емес, ол – ғасырлар бойы сақталып келе жатқан тірі дәстүр, оны сақтау әрі дамыту өте маңызды. Әрбір жарыста дала рухы, шеберлік және ұлттық мұраға деген құрмет көрініс табады.
Қызылорда кезеңіне келген қонақтар керемет спорт жарыстарын тамашалап қана қоймай, бас серіктес Olimpbet ұсынған сыйлықтардың ұтыс ойындарына да қатыса алады.