Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Ұлы дала жорығы» халықаралық ат марафонын Қырғызстан командасы жеңіп алды

Редактор
26.09.2025, 08:52

Биыл жарысқа барлығы 19 команда қатысқан

AMANAT партиясы

Қостанай облысынан бастау алған «Ұлы дала жорығы» халықаралық ат марафоны мәресіне жетті. Дәстүрге айналған доданы биыл Қырғызстаннан келген команда жеңіп алды.

Айта кетейік, биылғы марафон Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орайластырылған.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатына «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Премьер-Министрдің кеңесшісі, «JORYQ» ат спорты федерациясы Қамқоршылық кеңесінің Төрағасы Ералы Тоғжанов, «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков және өзге де азаматтар қатысты.

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек Торғай өлкесі қазақ зиялыларының алтын бесігі әрі еліміздің қастерлі рухани орталықтарының бірі екенін атап өтті.

«Ұлы дала жорығы» осыдан үш жыл бұрын тікелей Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен басталған болатын. Үш жылдың айналасында бұл бәйге алтыншы мәрте өткізіліп жатыр. Осы уақыт ішінде марафон-бәйге әлемге танымал халықаралық жарыс деңгейіне көтеріліп келеді. Осының бәрі Президентіміздің ұлттық спортты дамытуға жасап отырған қамқорлығының, қолдауының арқасы екенін баса айтуға тиіспіз. Бүгінде Ұлттық спорт халқымыздың ұлттық төлқұжатына, мақтанышына, тіпті өмір салтына айналды десе болады», – деді ол. 

«AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы партия алдағы уақытта да ұлттық спорт түрлеріне, соның ішінде ат спортына жан-жақты қолдау көрсету жұмысын жалғастыратынын айтты. Мәселен, былтыр ел Президенті Мәжілістегі «AMANAT» партиясының фракциясы әзірлеген жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері жөніндегі арнайы заңға қол қойды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде жаңа ұлттық спорт орталықтары, клубтар, мектептер ашылуда. Онда 600 мыңнан астам адам қазақтың дәстүрлі спорт түрлерімен шұғылданады.

Бес күнге созылған марафон қорытындысы бойынша, бірінші орынды Қырғызстанның бірінші құрамасы иеленіп, асқан төзімділігі мен шынайы шеберлігін көрсетті. Олардың жалпы уақыты – 26 сағат, 41 минут, 47 секунд. Екінші болып мәре сызығын Ақтөбе облысының командасы кесіп өтті (27 сағат, 21 минут). Ал үшінші орынды Қостанай облысының бірінші командасы қанжығалады (27 сағат, 32 минут, 14 секунд).

Биыл жарысқа 19 команда, соның ішінде Қырғызстан және Ресей мемлекеттерінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының командасы қатысты.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама