Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Үлкен бәйге Қызылордаға қайта оралады

Редактор
18.04.2025, 15:31

Жүлде қоры – 22,7 млн теңге

Olimpbet

Сенбі, 19 сәуірде Қызылорда ипподромында бәйгеден Қазақстан чемпионатының кезеңі өтеді. Екі жылдық үзілістен кейін ұлттық бәйге жарыстары Қызылордаға қайта оралды.

Сыр жағалауында бәйге әрдайым спорт түрінен де артық мағынаға ие болған. Бұл – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, дамып келе жатқан дәстүр.

Қазақстан чемпионатының Қызылорда кезеңінде келесі бәйге түрлері өтеді:

  • Құнан бәйге
  • Топ бәйге
  • Аламан бәйге
  • Ұшқыр бәйге

Жүлде қоры – 22 700 000 теңге. Жеңімпаздар қыркүйек айында Таразда өтетін республикалық чемпионаттың финалына жолдама алады.

Сонымен қатар бағдарламада өнерпаздардың өнер көрсетуі және чемпионаттың бас серіктесі Olimpbet ұсынған сыйлықтар бар.

Қызылорда ипподромындағы бәйгелер 19 сәуір күні сағат 12:00-де басталады. Кіру тегін.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама