ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Жасы үлкен әйелден жеңілген Ангелина Лукас сенсациялық ақпарат жариялады

Бүгін, 08:42

Америкалық қарсыласы Кэтрин Ренни (АҚШ) допинг-тесттен өте алмаған.

Жасы үлкен әйелден жеңілген Ангелина Лукас сенсациялық ақпарат жариялады
Фото: instagram/angelina_lukas1997

Қазақстанның танымал кәсіпқой боксшысы, IBO, WBF және WIBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Ангелина Лукас Каирде өткен титулдық жекпе-жекте мансабындағы екінші жеңілісіне ұшыраған. Алайда боксшының өзі бұл кездесудің нәтижесі ресми түрде күшін жойғанын мәлімдеді.

Ангелинаның айтуынша, америкалық қарсыласы Кэтрин Ренни (АҚШ) допинг-тесттен өте алмаған.

«Бүгін жекпе-жек ресми түрде No Contest деп танылды: қарсыластың жеңісі есептелмейді. Ол допинг-тесттен өтпеді және төрешілер тарапынан өрескел қателіктер анықталды. Ең маңыздысы – мен әр раундта адал, ашық және соңына дейін жұдырықтастым», – деп жазды Лукас әлеуметтік желіде.

Ангелина Лукас Мысырға сапар алдында виза мәселесіне байланысты айтарлықтай қиындық көрген. Қажетті құжаттың кеш шығуы оның дайындығына тікелей әсер еткен болатын.

Қызығы, жеңімпаз атанған Кэтрин Ренни әлемдік рейтингтің алғашқы 30 қатарына да кірмейді және жасы үлкен спортшы саналады. Соған қарамастан америкалық боксшы 10 раунд бойы жоғары қарқын көрсетіп, Лукасқа айқын басымдық бермеген еді.

Енді допинг-тест нәтижесіне байланысты бұл жекпе-жек тарихта болмаған деп саналатын болды.

Ангелина Лукас жақын уақытта өзінің келесі қадамы туралы мәлімдеме жасайды деп күтілуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам