ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Иман Хелиф World Boxing жарыстарына қатыспайды»: Головкин мәлімдеме жасады

Бүгін, 11:14

Хелифтің өзі де, оның ата-анасы да көпшіліктің таққан айыбы негізсіз екенін алға тартқан

«Иман Хелиф World Boxing жарыстарына қатыспайды»: Головкин мәлімдеме жасады
Фото: gettyimages

World Boxing олимпиадалық комиссиясының төрағасы әрі ұйым басшысы атануға үміткер Геннадий Головкин алжирлік боксшы Иман Хелифке гендерлік тестілеуден өтпейінше аталмыш ұйымның жарыстарына қатысуға тыйым салу жөніндегі шешімге қатысты пікір білдірді.

«Бұл жағдай гендерге қатысты олқылықтардың, түсінбеушіліктер мен қателіктердің болғанын көрсетті. Оны міндетті түрде түзету қажет.Біз әділ спортты қолдаймыз: ерлер – ерлермен, әйелдер әйелдермен жұдырықтасуы керек. Сол себепті гендерлік тестілеу міндетті түрде жүргізілуі тиіс», – деді Головкин BBC-ге берген сұхбатында.

Естеріңізде болса, Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Иман Хелифті гендерлік тестілеуден өте алмағаны үшін 2023 жылғы әлем чемпионатынан шеттеткен болатын. Осыдан соң көпшілік оны трансгендер деп ойлаған еді. Соған қарамастан Халықаралық олимпиада комитеті спортшыға Париж ойындарына қатысуға рұқсат беріп, ол чемпион атанды. 

Хелифтің өзі де, оның ата-анасы да көпшіліктің таққан айыбы негізсіз екенін алға тартқан. Кей деректерге қарағанда, ол хромосомалық ауытқушылығы бар генетикалық ерекшелікпен дүниеге келген болуы ықтимал.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам