ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Әлем кубогы: екі боксшымыз алтынға таласады

19.11.2025, 22:18

Қазақстан құрамасының қоржынында кемінде екі күміс медаль бар

Әлем кубогы: екі боксшымыз алтынға таласады
ҰОК

19 қараша күні Үндістанның Нью-Дели қаласында World Boxing-тің ұйымдастыруымен өтіп жатқан Әлем кубогының финалдық кезеңінде екі қазақстандық боксшы алтын медальға таласуға мүмкіндік алды.

Қазақстан құрамасының қоржынында кемінде екі күміс медаль бар.

Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг) жартылай финалда оңтүстіккореялық Ким Дэ Хунды екі рет нокдаунға жіберіп, сенімді түрде жеңді. Осылайша ол турнирдің финалына шықты.

Нұрбек Мұрсал (70 кг) да финалға жолдама алып, сенсация жасады. Ол 2021 жылғы әлем чемпионы, украиналық Юрий Захареевті төрешілердің басым дауысымен жеңді.

Финалда Мұрсал үндістандық Хитешпен кездеседі. Үнді боксшысы жартылай финалда өзбекстандық Мұхаммадазизбек Исмоиловты жеңген болатын.
Ал қыздарымыз қола медальмен шектелді.

Жансая Рахымберді (51 кг) тайваньдық Гуо И Сюаньмен кездесіп, үш раундқа созылған жекпе-жекте қарсыласына жол берді. Нәтижесінде қазақстандық боксшы турнирдің қола жүлдегері атанды.

Ал Ұлжан Сәрсенбек (57 кг) 2025 жылғы әлем чемпионы және Астанада өткен Әлем кубогының жеңімпазы Жасминмен қолғап түйістірді. Үш раундтық айқастан кейін төрешілер (5:0) жеңісті үнді спортшысына берді. Сәрсенбек те жарысты қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, Ұлжан Сәрсенбек - жастар арасында әлем және Азия чемпионы, 2024 жылғы ересектер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ өткен айда Семейде өткен Қазақстан чемпионатында алтын алған.

Әлем кубогының финалдық кезеңі 20 қарашаға дейін жалғасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам