Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Кроуфорд: 100 миллион доллар болмаса, рингке шықпаймын

01.12.2025, 11:06

Америкалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен реванш өткізуге дайын

Кроуфорд: 100 миллион доллар болмаса, рингке шықпаймын
Gettysport

Екінші орта салмақта абсолютті чемпион атанған Теренс Кроуфордтың келесі жекпе-жегіне қатысты жаңа мәлімет белгілі болды. Америкалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен реванш өткізуге дайын, алайда ол бұл кездесу үшін кемінде 100 миллион доллар талап етеді.

Бұл туралы Кроуфордтың досы әрі команда мүшесі Bernie Tha Boxer әлеуметтік желідегі тікелей эфирінде мәлімдеді.

«Ол 100 миллион доллар алмаса, жекпе-жек өтпейді. Бұл — Кроуфордтың нақты айтқан сөзі», — деді ол.

Еске сала кетейік, Теренс Кроуфорд қыркүйек айында «Канелоны» төрешілердің бірдей шешімімен жеңіп, оның барлық белбеулерін иеленген болатын.

Бұдан бөлек, америкалық боксшы 6 желтоқсанда өтетін Әлімханұлы – Лара кездесуінің жеңімпазымен кездесуі мүмкін деген болжам да бар. Бұл кездесу орта салмақтағы үш чемпиондық белбеудің иесін анықтайды.

Осылайша, Кроуфордтың таңдауы айқындалғандай: ол Әлімханұлы емес, алдымен 100 миллион долларлық реваншқа басымдық беріп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам