48 келіде өнер көрсететін былғары қолға шебері биыл әлемнің үш дүркін чемпионы атанған
Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай үлкен спортта неліктен үзіліссіз еңбек етіп келе жатқанын айтты. Спортшы жақындарының өз өмірінде алатын маңызы туралы баяндады.
«Көпшілігі аяғында нық тұрып, алға ұмтылуға күш беретін туған бауырлары, жақындары, балалары немесе ата- аналары екенін айтады. Мен де дәл солай екенін айтқым келеді: әрқашан алға ұмтылып, ең алдымен өзімнің ата-анам, туған бауырларыма, жақындарыма көмектесу үшін еңбек етіп келемін. Бұл мені бала кезімнен бастап шабыттандырып, жігерлендіріп отыратын. Адамның жақындарына қолдау көрсеткісі келуі - оған одан да көп еңбек етуге, алға ұмтылуға күш береді», - деді боксшы.
48 келіде өнер көрсететін былғары қолға шебері биыл наурыз айында әлемнің үш дүркін чемпионы атанған еді. Сонымен бірге, қыркүйек айында Ливерпульде өткен чемпионатта күміс жүлдеге ие болды. Осылайша ол отандық бокс тарихында әлем чемпионатынан ең көп жүлде алған (3 алтын, 1 күміс, 1 қола) спортшы болып отыр.