Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Америкалық сарапшы Жәнібек – Лара айқасында кім жеңетінін айтты

Бүгін, 10:37

Сарапшылар пікіріне қарағанда, жекпе-жек тартысты өтпек

Америкалық сарапшы Жәнібек – Лара айқасында кім жеңетінін айтты
әлеуметтік желі

АҚШ-тағы танымал бокс шолушысы, Fight Hype және Tha Boxing Voice секілді беделді платформалармен жұмыс істеген Шон Зиттель алдағы Жәнібек Әлімханұлы – Эрисланди Лара жекпе-жегіне қатысты пікірін ортаға салды.

7 желтоқсанда Сан-Антониода (Техас штаты, АҚШ) өтетін бұл кездесу орта салмақтың бірден үш чемпиондық белдігі – WBO, IBF және WBA нұсқалары үшін шешуші айқас болмақ.

Зиттельдің сөзінше, аренаға екі чемпион шыққанымен, фаворит – Жәнібек.

«Менің ойымша, бұл жекпе-жекте жеңіс Жәнібекке тиесілі. Лараның жасы 42-де. Иә, орта салмаққа көтерілгеннен кейін оның сол қолы әлі де мықты қару болып келеді. Бірақ Жәнібектің финттері, жоғары жұмыс қабілеті және жастық серпіні оған анық басымдық береді», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сарапшылар пікіріне қарағанда, жекпе-жек тартысты өтпек, алайда жас әрі қарқыны жоғары қазақстандықтың мүмкіндігі басым деп бағаланып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам