Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Ақшаны аямаймын, 2027 жылы чемпиондарға бұдан да көп беремін - Умар Кремлев

02.12.2025, 18:12

Сөз соңында IBA басшысы әділдік пен ашықтықты қамтамасыз етуге уәде берді

Ақшаны аямаймын, 2027 жылы чемпиондарға бұдан да көп беремін - Умар Кремлев
Жеке прхив

Дубайда өтетіү әлем чемпионаты қарсаңында Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлёв спортшылар мен бапкерлерге арнайы үндеу жасап, ұйымның басты мақсатын, сыйақылар жүйесін және келесі жылға жоспарын жариялады.

Кремлёвтің айтуынша, IBA чемпиондар мен жүлдегерлерден бөлек алғашқы бестікке енгендер боксшылар да сыйақысыз қалмайтынын еске салды.

Президент өз сөзінде:

«Жеңімпаздарға - 300 мың доллар, 2-орынға – 150 мың, 3-орынға – 75 мың, ал 4-5-орын алған спортшыларға 10 мың еуродан береміз. Бұл еңбекті лайықты бағалау үшін жасалып отырған жұмыс», – деп атап өтті.

Кремлёв келесі әлем чемпионатында жүлде қоры тағы өсетінін алға тартты.

«2027 жылы әлем чемпионатында сыйақыларды тағы да көбейтеміз. Сонымен бірге келесі жылдан бастап барлық құрлықтық турнирде де сыйақы беріледі», – деді ол.

«IBA тапқан қаражат - спортшылар мен бапкерлерге тиесілі»

Кремлёв ұйымның басты миссиясы спортшылардың жағдайын жақсарту екенін баса айтты:

«Халықаралық бокс қауымдастығы табатын қаражаттың бәрі – сіздердікі. Бұл ақша спортшылар мен бапкерлерге тиесілі. IBA сіздерге барынша қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс істейді».

Бұдан бөлек алдағы жылы командалар арасында Әлем кубогы ұйымдастырылатынын қоса кетті.

«Келесі жылы командалық Әлем кубогы өтеді. Оның жүлде қоры - 10 млн доллар. Сондықтан жеке спортшыларды ғана емес, командаларыңызды да даярлаңыздар», - деді.

Кремлёв әлем чемпионатының ауқымды ашылу рәсімі де боксшылар еңбегін бағалау мақсатында ұйымдастырылатынын жеткізді:

«Бүгінгі үлкен бокс мерекесі – сіздер үшін. Осы орайда барлық спортшылар, бапкерлер, құрамалардың өкілдерін құттықтаймын», – деді ол.

Сөз соңында IBA басшысы әділдік пен ашықтықты қамтамасыз етуге уәде берді:

«Барлығыңызға сәттілік тілеймін. Спортшылар өз бапкерлерін жерге қаратпасын. Біз өз кезегімізде жарыстың адалдығы мен ашықтығына кепіл береміз. Егер қандай да бір мәселе туындаса, біз ашықпыз. Даулы сәттер жеке-жеке қаралады», – деді Кремлёв.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам