Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Жәнібек Әлімханұлының допинг-тесті оң нәтиже көрсетті

02.12.2025, 22:46

Әзірге ресми мәлімдеме жарияланған жоқ

Жәнібек Әлімханұлының допинг-тесті оң нәтиже көрсетті
Фото: No Limit Boxing

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы допинг-тестен оң нәтиже бергені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы The Ring басылымының инсайдері, DAZN жетекші тілшісі Майк Коппинджер хабарлады.

Жекпе-жекке жауапты тараптардың айтуынша, Жәнібек Әлімханұлының Эрисланди Лараға қарсы жоспарланған айқасы қазір үлкен қауіп алдында. Кубалық WBA чемпионына басқа қарсылас іздеу мәселесі қарастырылып жатыр.

Әзірге ресми мәлімдеме жарияланған жоқ. Расталған ақпарат жақын күндері жариялануы мүмкін.

Жәнібек Әлімханұлы командасынан да, промоутерлік компаниядан да оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO, IBF және WBA белбеулері үшін біріккен титулдық жекпе-жек алдында допинг сынамасын тапсырды.

Отандасымыз бүгінге дейін WBO, IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағына ие болған.

Бұл жекпе-жек АҚШ-тың Техас штатында орналасқан Сан-Антонио қаласында өтеді деп жоспарланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам