Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

«Күтейік»: Ермахан Ибраимов Жәнібек Әлімханұлына қолдау көрсетті

Бүгін, 12:32

Ол екінші допинг сынамасынан өткен спортшылар бар екенін айтты

«Күтейік»: Ермахан Ибраимов Жәнібек Әлімханұлына қолдау көрсетті
ҰОК

Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов «Таңшолпан» бағдарламасында Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдірді.

Оның сөзінше, спорт тарихында бірінші талдау теріс нәтиже көрсетсе де, екінші сынамадан кеткен спортшылар болған.

«Допингке қарсы екінші сынама тапсырып, одан өткен спортшылар болған. Сондықтан асықпайық, тағы бір сынаманың көрсеткішін күтейік»,-деді Ермахан Ибраимов.

Айта кетейік, 6 желтоқсанда өтуі тиіс болған Эрисланди Лара мен қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы арасындағы үш чемпиондық белбеу үшін айқас кейінге қалды. Бұған VADA-ның Жәнібектің сынамасынан тыйым салынған мельдоний анықтағаны себеп болды.

Premier Boxing Champions жедел түрде Әлімханұлының орнына жаңа қарсылас бекітті. Енді Лара 34 жастағы колумбиялық Йохан Гонсалеспен (36-4, 24 KO) жұдырықтасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам