Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

«Өзбек боксының атасы» Гафур Рахимов жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін, 14:15

Оны «Өзбекстандағы заманауи бокстың атасы» деп атады

«Өзбек боксының атасы» Гафур Рахимов жаңа қызметке тағайындалды
© Станислав Красильников/ ТАСС

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) Директорлар кеңесінің шешімімен CISBB ұйымы WBC EuroAsia болып қайта құрылды.

Ал жаңа ұйымның президенті қызметіне Өзбекстанның танымал спорт функционері Гафур Рахимов тағайындалды.

Бұл шешім Бангкокта өткен WBC-тің 63-конвенциясы аясындағы директорлар кеңесінің отырысында қабылданды. Конвенция кезінде бұрынғы CISBB (ТМД, Славян және Балтық елдерінің бокс бюросы) ресми түрде WBC EuroAsia деп қайта аталды. Директорлар кеңесі Гафур Рахимовты ұйымның президенті ретінде бірауыздан қолдады.

WBC EuroAsia құрылуы Еуропа мен Азиядағы кәсіпқой бокстың жаңа интеграциялық кезеңін ашады. Жаңа платформа аясында:

  • инновациялық жобалар,
  • спортшылар, жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған білім беру бағдарламалары,
  • медиалық және маркетингтік бастамалар қолға алынбақ.

Сондай-ақ аймақта халықаралық талаптарға сай біртұтас кәсіпқой бокс нарығын қалыптастыру жоспарланған.

WBC президенті Маурисио Сулейман Гафур Рахимовты жаңа лауазымымен құттықтап, оны «Өзбекстандағы заманауи бокстың атасы» деп атады. Оның айтуынша, Рахимов спорт саласын дамытуға орасан еңбек сіңірген.

Сондай-ақ Сулейман Гафур Рахимовтың 2023 жылы WBC Жоғарғы кеңесінің мүшесі болып сайланғаннан бері халықаралық ынтымақтастыққа баға жетпес үлес қосқанын атап өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам