Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Серік Сәпиев кәсіпқой бокстың аңызы Теренс Кроуфордпен кездесті

14.01.2026, 14:38

Белгілі спортшы бұл жайында Instagram парақшасында жазба жариялады

Серік Сәпиев кәсіпқой бокстың аңызы Теренс Кроуфордпен кездесті
instagram.com/serik_sapiyev

Лондон Олимпиадасының чемпионы, Қазақстанның Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің президенті Серік Сәпиев америкалық кәсіпқой бокс жұлдызы Теренс Кроуфордпен кездескенін айтты.

Белгілі спортшы бұл жайында Instagram парақшасында жазба жариялады. Оның айтуынша, ол кәсіпқой бокста жеңіліс көрмеген, абсолютті әлем чемпионы Кроуфордпен әлем чемпионаты барысында жүздескен.

«Жеңілмеген боксшы, кәсіпқой бокстағы абсолютті әлем чемпионы Теренс Кроуфорд. Кәсіпқой бокстың аңызымен әлем чемпионатында кездестік. Ортақ қарсыластарымыз туралы әңгімелестік: мен олармен әуесқой бокста, ал ол кәсіпқой рингте жолыққан», — деп жазды Серік Сәпиев.

Серік Сәпиев – 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының алтын жүлдегері әрі Қазақстан боксының тарихындағы ең жарқын тұлғалардың бірі. Ал 2025 жылдың желтоқсан айының соңында кәсіпқой бокста бірнеше салмақта абсолютті әлем чемпионы атанған Теренс Кроуфорд спорттық мансабын аяқтау себебіне қатысты тараған қауесеттерді ресми түрде жоққа шығарды.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам