Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

World Boxing 2026 жылы өткізетін жарыстар кестесін жариялады

15.01.2026, 16:57

Ұйым биыл тоғыз турнир өткізуді көздеп отыр

World Boxing 2026 жылы өткізетін жарыстар кестесін жариялады
World boxing

Бокстан жаңадан құрылған халықаралық ұйым биыл тоғыз турнир өткізуді көздейді. Оның ішінде құрлық біріншіліктері, Азия ойындары және Әлем кубогының кезеңдік бәсекелері бар.

Наурыз айының 8-15 күндері Таиландта U19 санатында World Boxing Futures Cup турнирі өтеді. Ал әлем кубогының кезеңдік бәсекелері 20-26 сәуірде Бразилияда (Фос-ду-Игуасу), екінші кезеңі 15-20 маусымда Қытайдың Гуйян қаласында жалауын желбіретпек.

Сондай-ақ, 23 шілде мен 2 тамызда Шотландияның Глазго қаласында Достастық ойындары 2026 турнирі ұйымдастырылады. 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи/Нагоя қалаларында Азия ойындарының алауы тұтанады.

Сондай-ақ, 31 қазан мен 13 қараша аралығында Африка құрлығында Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары (Дакар, Сенегал) өз қатысушыларын күтпек. World Boxing U19 Әлем чемпионатының әзірге өтетін орны нақтыланбаған. Жоспар бойынша аталған сын жыл соңына таман өтуі тиіс.

World Boxing Cup финалдық бәсекесі  25 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Ташкентте қорытындыланады.

Бостан Азия чемпионаты (Ұлан-Батор, Моңғолия) 28 наурыз бен 11 сәуір аралағында өтсе, Еуропа біріншілігі (София, Болгария) 15-26 қыркүйекте өз мықтыларын анықтайды. Ал Панамерика чемпионаты Мексиканың Пуэбла қаласында 10-17 қазан күндері аралығында басталмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам