Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Бүгін Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешім қабылданады

19.01.2026, 14:21

Құжатта Жәнібек Әлімханұлының «B» сынамасы WADA ережелеріне толық сәйкес зерттелгені көрсетілген.

Бүгін Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешім қабылданады
әлеуметтік желі

Бүгін Қазақстанның WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауын арнайы комиссия қарайды.

Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбековтің айтуынша, бүгін АҚШ-та өтетін отырыста қазақстандық жеңіліс көрмеген боксшының тағдырына нүкте қойылуы мүмкін. Комиссия допинг-пробаның «B» сынамасын ашқаннан кейінгі нәтижелерді талқылайды.

Федерация басшысы сондай-ақ VADA ұйымынан келген ресми хатты жариялады. Құжатта Жәнібек Әлімханұлының «B» сынамасы WADA ережелеріне толық сәйкес зерттелгені көрсетілген.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен WBA чемпионы Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек 7 желтоқсанда (Қазақстан уақытымен) АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өтуі тиіс болған. Алайда кездесу кейінге қалдырылды.

2 желтоқсанда 15 қараша күні тапсырылған допинг-сынамада тыйым салынған мельдоний препаратының іздері табылғаны белгілі болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам