Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Назым Қызайбай бастаған бірнеше әлем чемпионы АҚШ-қа аттанды

26.01.2026, 12:16

Ұлттық құрама оқу-жаттығу жиынын бастады

Назым Қызайбай бастаған бірнеше әлем чемпионы АҚШ-қа аттанды
ҰОК

Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай бастаған боксшылар АҚШ-қа жол тартты. Ұлттық құраманың өкілдері Колорадо-Спрингс қаласындағы жаттығу базасында 8 ақпанға дейін шеберліктерін шыңдайды.

Оқу-жаттығу жиынына әйелдер құрамасынан Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Наталья Богданова қатысса, ерлер командасынан Бибарыс Жексен, Сабыржан Аққалықов, Диас Молжігітов бар.

Сонымен қатар, бапкерлер Долкунжан Камеков, Дастан Қабденов, Ислам Әбдірайымов, Нұржан Қондыбаев та спортшылардың жаттығу барысын қадағалайды.

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан бокс құрамасы екі мәрте әлем чемпионатына қатысты. Сол жарыстарда Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева және Наталья Богданова үздік нәтиже көрсетті. Сондай-ақ, Сабыржан Аққалықов Дубайда IBA ұйымдастырған әлем біріншілігінде күміс медаль иеленді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам