Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Странджа» кубогының финалы: алты боксшымыз алтынға таласады

Бүгін, 09:32

Финал сағат 17:00-де басталады.

«Странджа» кубогының финалы: алты боксшымыз алтынға таласады
Қазақстан бокс федерациясы

Бүгін, 1 наурызда, Софияда (Болгария) бокстан дәстүрлі «Странджа» кубогының финалдық жекпе-жектері өтеді.

Турнирдің шешуші кезеңінде Қазақстан құрамасынан алты боксшы алтын медаль үшін шаршы алаңға шығады. Барлық финал айқастары күндізгі сессия аясында өтеді. Басталуы - Астана уақытымен 17:00. 

Қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары:

Күндізгі сессия (17:00)

2-жұп. 54 кг (әйелдер)

Элина Базарова - Лорен Макки (Англия)

5-жұп. 65 кг (әйелдер)

Лаура Есенгелді - Навбахор Хамидова (Өзбекстан)

8-жұп. 80 кг (әйелдер)

Надежда Рябец - Ярен Дузтас (Түркия)

9-жұп. 80+ кг (әйелдер)

Валерия Аксенова - Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)

11-жұп. 50 кг (ерлер)

Даниял Сәбит - Билалхабаши Назаров (Әзербайжан)

15-жұп. 70 кг (ерлер)

Фарух Тоқтасынов - Лавант Броунли (АҚШ)

Айта кетейік, бейресми түрде «кіші әлем чемпионаты» атанып кеткен «Странджа» кубогы - Еуропадағы ең көне халықаралық бокс турнирі. 2026 жылы бұл дода 77-рет ұйымдастырылып отыр.

Ал биылғы жарысқа Қазақстан атынан 39 боксшы аттанған еді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам