Жарысқа елімізден 39 боксшы аттанған.
Бокстан Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан дәстүрлі «Странджа» турнирінде отандастарымыз үшін жартылай финал аяқталды.
Күндізгі сессияда Элина Базарова (54 келі), Лаура Есенкелді (65 келі), Надежда Рябец (80 келі), Валерия Аксенова (+80 келі) финалға жолдама алса, кешкі сессияда Даниал Сәбит (50 келі) мен Фарух Тоқтасынов қарсыластарының жекпе-жектен бас тартуына байланысты финалға өтті.
Ал Анель Сақыш (54 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Дина Исламбекова (+80 келі) турнирдің қола жүлдегері атанды.
Кіші әлем чемпионаты саналатын бұл турнирге елімізден 39 боксшы (ерлерден – 19, қыздардан –20) аттанды. Кейбір салмақ дәрежелерінде отандық үш бірдей былғары қолғап шебері бақ сынады.