Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Дмитрий Бивол шынтағына операция жасатты

Бүгін, 11:19

Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында ауруханадан түскен суретін жариялады

Дмитрий Бивол шынтағына операция жасатты
instagram.com/bivol_d

Ресейлік боксшы, жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Бивол қолына операция жасатқанын мәлімдеді.

Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында ауруханадан түскен суретін жариялап, операцияның сәтті өткенін хабарлады.

«Шынтағыма операция жасалды. Барлығы сәтті өтті. Қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жолдаған баршаңызға рақмет», – деп жазды Бивол.

Бұған дейін Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының жетекшісі Эдди Хирн Дмитрий Биволдың WBO нұсқасы бойынша міндетті чемпиондық белдігін қорғаудан бас тартуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Еске салсақ, WBO ұйымы Биволға жартылай ауыр салмақтағы міндетті үміткер Каллум Смитке қарсы жекпе-жек өткізуді міндеттеген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам