Отандасымыз қырғызстандық қарсыласын сенімді түрде жеңді
Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман ұзақ үзілістен кейін кәсіпқой рингке сәтті оралып, кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Алматыда өткен Akhmedov Promotions бокс кешінде Мұздыман Қырғызстан өкілі Аделина Сатыбалдыевамен қолғап түйістірді. Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өткен жекпе-жек барлық белгіленген раундқа созылып, қорытындысында төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық спортшыға берді.
Осылайша, Балауса кәсіпқой бокстағы жеңіліссіз сериясын жалғастырып, рекордын 10 жеңіс, 0 жеңіліске (7 нокаут) дейін жеткізді.
Айта кетейік, Мұздыман соңғы рет 2025 жылдың қыркүйегінде шаршы алаңға шығып, үндістандық Мамта Сингхті төртінші раундта техникалық нокаутпен мерзімінен бұрын жеңген еді. Енді қазақстандық боксшы кезекті сенімді жеңісімен өзінің кәсіпқой бокстағы жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.