ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Нағыз чемпионның кім екенін көреміз»: Джалолов Хрговичті жекпе-жекке шақырды

31.08.2026, 18:15

Хргович ауыр салмақтағы IBF чемпиондық белбеуін иеленген

«Нағыз чемпионның кім екенін көреміз»: Джалолов Хрговичті жекпе-жекке шақырды
1bol.kz

Бокстан екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған Филип Хрговичке үндеу жасады.

Хорватиялық боксшы Лондондағы жекпе-жекте Мозес Итауманы тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша Хргович ауыр салмақтағы IBF чемпиондық белбеуін иеленіп, Хорватия тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды. 

Жекпе-жектен кейін Джалолов әлеуметтік желіде Хрговичті құттықтап, болашақта онымен рингте кездесуге дайын екенін мәлімдеді.

«Керемет жеңісіңмен құттықтаймын. Сен мықты мінез көрсетіп, нағыз жауынгер екеніңді дәлелдедің. Құрметке лайықсың, чемпион. Бірақ ерте ме, кеш пе, біздің жолымыз түйіседі. Сол күн келгенде нағыз чемпионның кім екенін көреміз», – деді Джалолов.

Өзбекстандық боксшы кәсіпқой рингте 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 15-ін мерзімінен бұрын аяқтады. Қазіргі уақытта Джалолов IBF рейтингінде алтыншы, WBO тізімінде жетінші орында тұр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам