ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Александр Усик мансабындағы ең қауіпті жекпе-жекке келісті

Бүгін, 08:38

Украиналық боксшы 42 нокауты бар Уайлдермен кездеседі

Александр Усик мансабындағы ең қауіпті жекпе-жекке келісті
Getty Images

Украиналық боксшы Александр Усик келесі жекпе-жегін 2027 жылдың наурыз айында АҚШ-та өткізуі мүмкін. Оның ықтимал қарсыласы – ауыр салмақтағы бұрынғы WBC чемпионы Деонтей Уайлдер.

Бұл туралы The Ring журналисі Майк Коппинджер Усиктің кеңесшісі Сергей Лапинге сілтеме жасап хабарлады.

Усик 2027 жылдың наурызында АҚШ-та Уайлдермен жұдырықтасуды жоспарлап отыр. Бұл оның АҚШ-тағы алғашқы ірі жекпе-жегі болмақ. Қазір келіссөздер жалғасып жатыр, — деді Лапин.

Әзірге кездесудің нақты өтетін қаласы мен аренасы анықталған жоқ. Сондықтан жекпе-жек ресми бекітілгенге дейін оның мерзімі өзгеруі мүмкін.

Усик кәсіпқой рингте 25 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 16-сын мерзімінен бұрын аяқтады. Соңғы рет украиналық боксшы 2026 жылғы 24 мамырда Гизада Рико Верхувенді 11-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Ал Уайлдердің еншісінде 43 жеңіс, төрт жеңіліс және бір тең нәтиже бар. Америкалық боксшы 42 қарсыласын нокаутқа түсірген. Ол соңғы жекпе-жегінде Дерек Чисораны төрешілердің бөлек шешімімен жеңді.

Егер тараптар келісімге келсе, Усик пен Уайлдердің кездесуі 2027 жылдың ең ірі бокс оқиғаларының біріне айналуы мүмкін.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам