Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Сәкен Бибосынов Италиядағы турнирді жеңіспен бастады

03.03.2024, 19:41

Бұл салмақта Олимпиада жолдамасы жартылай финалға шыққан боксшыларға беріледі

Сәкен Бибосынов Италиядағы турнирді жеңіспен бастады
Қазақстан бокс федерациясы

Италияның Бусто-Арсицио қаласында басталған лицензиялық турнирді Сәкен Бибосынов (51 кг) жеңіспен бастады. 1/32 финалда жерлесіміз Гонконг боксшысы Там Чунь Хинь Каннетті техникалық нокаутпен жеңді.

Бірінші раундта арақашықтықты сақтап, қарсыласының осал тұсын іздеген Сәкен екінші раундта оны бір рет нокдаунға жіберсе, үшінші раундта төреші тағы екі рет есеп ашты. Әуесқой бокс ережесіне сәйкес, үш нокдауннан кейін техникалық нокаут жазылады.

Осылайша Сәкен Бибосынов Олимпиада жолдамасына жорығын одан әрі жалғастырады. Ол өнер көрсететін 51 келіде лицензия жартылай финалға шыққан төрт боксшыға беріледі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам