Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Римма Волосенко лицензиялық турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

04.03.2024, 01:17

Бұған дейін Сәкен Бибосынов Гонконгтен келген қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген болатын

Римма Волосенко лицензиялық турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
olympic.kz

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстанның тағы бір боксшысы жеңіске жетіп, Олимпиада ойындарына берілетін жолдамаға бір табан жақындай түсті. 

60 келіде өнер көрсететін боксшы қыз Римма Волосенко 1/32 финалда Тринидад және Тобаго аралдарынан келген Тианна Гаймен кездескен болатын. Үш раундтың қорытындысы бойынша Қазақстан боксшысы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Айта кету керек, қыздар боксында 60 келіде Олимпиада жолдамасы үш боксшыға беріледі. Римма Волосенко – жарыс фавориттерінің бірі. Ол 2021 жылы Азия чемпионы болған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам