Реал камбэк жасай ма? Жаңа шығарылым! #Fonteam

Түркістанда бокстан Бекзат Саттарханов атындағы турнир өтеді

01.04.2024, 11:30

Даңқты спортшы 2000 жылдың 31 желтоқсанында жол апатынан қайтыс болды

Түркістанда бокстан Бекзат Саттарханов атындағы турнир өтеді
olympic.kz

Бүгін Түркістанда Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан жастар арасында ХХІІ халықаралық турнир басталады.

Аталған турнир Түркістан қаласы Отырар шағын ауданындағы Олимпик спорт кешенінде өтеді. 2001 жылдан бері өтетін турнирде жас былғары қолғап шеберлерін анықтады.

Дәстүрлі турнирге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Қытай, Ресей, Моңғолияның 250-ге жуық жас бокшысы сынға түспек.

Еске салайық, Бекзат Саттарханов 2000 жылдың 31 желтоқсанында жол апатынан қайтыс болды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам