Курбан Бердыев Ермұхамед Мәуленді не үшін кешірді? ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

Қазақ-өзбек боксшылары кешкі ас ішіп, Мырзағали Айтжановтың батасын алды (ВИДЕО)

01.04.2024, 02:29

Қос құрама Бакудегі халықаралық турнирге қатысып келді

Қазақ-өзбек боксшылары кешкі ас ішіп, Мырзағали Айтжановтың батасын алды (ВИДЕО)
instagram.com/tulkin_kilichev/

Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының бапкері Тулкин Киличев өзінің Instagram-парақшасында қазақ-өзбек боксшыларының бір дастархан басында тамақтанған сәтінің видеосын жариялады. Ас соңында Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов боксшыларға батасын берген.

Бұл отырыс Әзірбайжан астанасы Бакуде болған болуы мүмкін. Өйткені, қос құрама жуырда ғана осында өткен «Ұлы Жібек жолы» турниріне қатысқан еді.

Аталған жарыста Қазақстан боксшылары үш алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған.

I орын

  • 60 келі: Талғат Сырымбетов
  • 71 келі: Дархан Дүйсебай
  • 92 келі: Сағындық Тоғамбай

II орын

  • 48 келі: Теміртас Жүсіпов
  • 54 келі: Тимур Қабдешев

III орын

  • 86 келі: Бекзат Таңатар

Айта кетейік, өзбек боксшылары Париж Олимпиадасына барлық салмақта қатысады. Ал, Қазақстан құрамасы 63,5 келіде әлі жолдама алған жоқ. Соңғы үміт – Тайландта өтетін лицензиялық жарыс. Бұл турнирге Қазақстан атынан кімнің қатысатыны 8-10 сәуір аралығында өтетін спаррингтік кездесулерден кейін белгілі болады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам