Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Париж Олимпиадасында алтын алған қазақ боксшыларына Бокс федерациясы $220 000 сыйақы береді

01.04.2024, 23:38

ҚБФ президенті жолдама алған әрбір боксшыға 20 мың доллардан сыйақы тағы берді

Париж Олимпиадасында алтын алған қазақ боксшыларына Бокс федерациясы $220 000 сыйақы береді
Қазақстан бокс федерациясы

Париж Олимпиадасында жүлде алған боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан берілетін сыйақы көлемі анықталды. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Атап айтқанда, төртжылдықтың басты бәсекесінде топ жарған қазақстандық боксшыға 220 мың АҚШ доллары беріледі. Күміс медаль үшін – 120 мың доллар тағайыдалса, үшінші орын алған боксшы 70 мың долларды қалтаға салады. Сондай-ақ, төртінші орынға – $30 000, бесінші орынға – $10 000 сыйақы қарастырылған.

«Ал бас бапкер мен жаттықтырушылар алқасы орын алған боксшы сыйақысының 30 пайызына пара-пар қаржылай сыйақы алады», - делінген ҚБФ таратқан хабарламада.

Бүгін бұл жаңалықты боксшыларға федерация президенті Шахмұрат Мүтәліптің өзі хабарлады. Ұлттық құрама мүшелеріне ауызашар берген ол жиын соңында Олимпиадаға лицензия алған боксшылар мен бапкерлерге тағы да ақшалай сыйлық берді. Атап айтқанда, боксшылардың әрбірі 20 мың доллардан алса, бас бапкер Мырзағали Айтжановқа 10 мың доллар берілді. Бұдан бөлек, ұлттық құраманың өзге жаттықтырушылары да сыйақыға ие болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам