Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Бүгін Олимпиадаға жолдама беретін турнирге жолдама алатын боксшылар анықталады

10.04.2024, 09:17

Барлығы 4 жекпе-жек болады

Бүгін Олимпиадаға жолдама беретін турнирге жолдама алатын боксшылар анықталады
Қазақстан бокс федерациясы

Бүгін Астанада бокстан спаррингтік турнирдің финалы өтеді. Жеңімпаздар Тайландта өтетін лицензиялық турнирге қатысуға мүмкіндік алады.

Еске салайық, төртжылдықтың басты жарысына бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы бір жолдама, әйелдер құрамасы үш жолдама ала алмай қалған. Осы кемшіліктің орнын бапкерлер Бангкокта өтетін жарыста толтыруға бел буып отыр.

Ендеше лицензиялық турнирге қатысу мүмкіндігі үшін мына боксшылар таласады:

Ерлер 

63,5 кг:

Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Дулат Бекбауов

Қыздар

54 кг:

Ұлжан Сәрсенбек – Сымбат Әлиасқар

66 кг:

Наталья Богданова - Жасмин Кизатова

75 кг:

Валентина Хальзова - Гүлсая Ержан

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам