Италиядағы лицензиялық турнирде ол ширек финалда жеңілген еді
Бокстан Астанада өтіп жатқан іріктеу турнирінде 54 келіде өнер көрсетіп жатқан Жайна Шекербекова финалға шыға алмады.
Ол жартылай финалда жас спортшы Ұлжан Сәрсенбекпен кездесіп, өз мүмкіндігін толық көрсетті. Алайда, жеңе алған жоқ.
Жекпе-жектің соңғы раундында Шекербекова алға шыққанымен, алғашқы екі кезеңде Ұлжан еш мүмкіндік бермеді.
Осылайша, Ұлжан Сәрсенбек лицензиялық турнирге бару үшін финалда сынға түседі.
Еске салайық, наурызда Италияда өткен лицензиялық турнирде Жайна Шекербекова ширек финалда жеңіліп, лицензия ала алмай қалған еді.