Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Баходир Жалоловтың ізбасары анықталды

22.04.2024, 11:14

Ол – 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионы

Баходир Жалоловтың ізбасары анықталды
Sports.uz

20 жастағы өзбекстандық боксшы Жахонгир Зокиров ауыр салмақтың болашақ жұлдызы атанып отыр. Бұл туралы Азия бокс конфедерациясы (ASBC) мәлімдеді.

Ұйым өкілдерінің мәліметінше, ол өзінің танымал отандасы Баходир Жалоловтың жетістігін қайталауы мүмкін.

«Жахонгир Зокиров Баходир Жалоловтың жолымен келеді. Ол аса ауыр салмақтағы мықты боксшы, сондай-ақ 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионы», - делінген мәліметте.

Зокиров 25 сәуірде Астанада басталатын жастар арасындағы Азия чемпионатына да қатысады. 

Ал, 29 жастағы Жалолов әуесқой бокста да, кәсіпқой бокста да табысты өнер көрсетіп жүр. Аса ауыр салмақтағы көшбасшылардың бірі саналатын өзбектің Олимпиада чемпионы деген атағы бар. Кәсіпқой бокста 14 жекпе-жегінің барлығын мерзімінен бұрын аяқтаған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам