Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

«Қоңқабаевқа кеңес»: Жалоловтың осал тұсы айтылды

19.04.2024, 17:42

Екі боксшы арасында бүгінге дейін 10 жекпе-жек өткен

«Қоңқабаевқа кеңес»: Жалоловтың осал тұсы айтылды
Қазақстан бокс федерациясы

Boxing Stars компаниясының басшысы Зия Алиев өзбекстандық Олимпиада чемпионы Баходир Жалоловтың осал тұсын атады.

Өзбекстандық былғары қолғап шеберінің басты қарсыластарының бірі қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев екені белгілі. 

Қоңқабаев пен Жалолов арасында бүгінге дейін 10 кездесу өтіп, оның жетеуінде өзбек боксшысы, үшеуінде қазақ боксшысы жеңіске жеткен.

«Жалолов құбыжық секілді. Өзбек пен басқа боксшылар арасында айырмашылық тым үлкен екені байқалып тұрады. Алайда соңғы жекпе-жектерде Қамшыбектің боксы әлдеқайда жақсарды. Ол Жалоловқа қарсы қалай әрекет ету керектігін түсіне бастаған тәрізді.

Бұрын ол салмақ рөл ойнайды деп ойлайтын, ал қазір Жалоловтың боксы біркелкі екенін аңғарды. Жалоловтың боксында жаңа ештеңе жоқ. Оны баяғыдай-ақ түсініп, іс жүзінде пайдалану керек еді. Бұл тартысты Олимпиада болады деп ойлаймын», - деді Зия Алиев Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұл екі боксшы да Париж олимпиадасына жолдама алып қойған.

Екеуара соңғы жекпе-жек 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының финалы болды. Бұл айқаста өзбек жеңіске жеткен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам