Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Олимпиадада қазақ боксшылары алтын ала алмайды – америкалық БАҚ болжам жасады

25.07.2024, 01:17

Есесіне өзбектер үш алтынмен еліне оралады

Олимпиадада қазақ боксшылары алтын ала алмайды – америкалық БАҚ болжам жасады
Қазақстан бокс федерациясы

Америкалық танымал Sports Illustrated журналы Париж Олимпиадасына қатысып жатқан елдердің әлеуетіне талдау жасап, жарыс нәтижесіне болжам түзді.

Соның ішінде, бокстан Қазақстан қола медальмен ғана шектелетінін жазған. Атап айтқанда, ерлер арасында 71 келіде Асыланбек Шымбергенов және бұрымдылардан 57 келідегі Карина Ибрагимова үштіктен көрінеді.

Есесіне, америкалық спорт журналистері Өзбекстан құрамасына үш алтын бұйыратынын болжаған. Атап айтсақ, Хасанбой Дусматов (51 келі), Абдумалик Халоков (57 келі), Баходир Жалолов (92 келіден жоғары) жеңіс тұғырынан көрінеді. Сонымен қатар, Асадхуджа Мудинхижаев (71 келі) – күміс, ал Лазизбек Мулолджонов (92 келі) қола жүлде иеленеді екен.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның ерлер құрамасы Париж олимпиадасына толық құрамда қатысады, олар: Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев(92+ келі).

Ал әйелдер құрамасында төртжылдықтың бас додасына үш боксшымыз барады: Назым Қызайбай (50 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Валентина Хальзова (75 келі).

Ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов бұған дейін берген сұхбатында кемі бір алтын медальмен оралатынын айтқан болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам