Олимпиада ойындарында ең қызықты боксты кім көрсететіні қызу талқыланып жатыр
Кәсіпқой бокста қатарынан 22 жекпе-жекте жеңілмеген, WBC тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Шакур Стивенсон әлеуметтік желіде «Олимпиада ойындарында ең қызықты боксты кім көрсетеді?» деген сауал тастады.
«Олимпиада ойындарында қай боксшы ерекше есте қалатындай өнер көрсетуі мүмкін? Кімге көбірек назар аударғанымыз дұрыс? Тек АҚШ командасынан емес, басқаларды да айта кетіңіздер. Мысалы, Куба, Қазақстан, Өзбекстан секілді боксы дамыған алыптарды айта отырсақ», - деп жазды Шакур Стивенсен Х әлеуметтік желісінде.
Оның бұл постына қазақ боксшылары да пікір қалдырған. Кәсіпқойда жүрген Батыр Жүкембаев төрт жігіттің есімін атаған.
«Қамшыбек Қоңқабаев, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Сәкен Бибосынов», - деп жазды Батыр Жүкембаев.