Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Енді үйіңе бара бер»: Василий Жиров бокс федерациясы басшылығының әрекетіне таңырқады

30.09.2024, 16:32

Ол Италияда өткен лицензиялық турнирде ұлттық құрама өкілдерімен бірге жанкүйер болған еді

Василий Жиров ұлттық құрама тізгінін алу туралы ойы болғанын, дегенмен оған ешкім мұндай ұсыныс жасамағанын алға тартты. Бұл Атланта Олимпиадасының чемпионы «Бірінші бол» Youtube-арнасына берген сұхбатында айтты.

— Италиядағы іріктеу турнирі кезінде сіз ҚБФ басшылығының қасында жүрдіңіз. Сондықтан бәріміз сізді құрама сапынан көреміз деп ойладық. Бірақ іс жүзінде олай болмай шықты. Не кедергі болды? 

— Ешқандай келісім жасалған жоқ. Мен де сөйлесеміз, талқылаймыз деген оймен келгенмін. Тіпті көшу туралы ойлай бастадым. Сөйтсем, ештеңе өзгерген жоқ. Қабылдау да болмады. «Келдің, жанкүйер болдың, енді үйіңе бара бер» деді. Мен таңғалдым. Шақыртқаннан соң қандай да бір ұсыныс жасайды деген үміт болған. 

— Сізді кім Италияға шақырып еді? 

— Ұлттық құрамадағы жігіттер. Басшысы Мүтәліп Шахмұрат шығар.

— Сізді бас бапкер болады деген сыбыс тараған. Ұсыныс түссе, келісуші ме едіңіз? 

— Мен мұндай ұсынысты қарастырғаным рас, ұсыныс түссе, келісемін деп ойлағанмын. Қуана-қуана көмектесуші едім. Бірақ ұсыныс болған жоқ. Күтіп жүрмін, дегенмен әзірге бәрі тыныш.

Еске салайық, Василий Жиров 1996 жылғы Атланта Олимпиадасында топ жарып, артынша Вэл Баркер кубогінің иегері атанды. Мұнан кейін ол АҚШ-қа көшіп, кәсіпқой бокста да әлемді бағындырды. Оның жеке бапкері Анатолий Апачинский ұзақ уақыт Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы болған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам