Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан Шымкенттегі турнирді жеңіспен бастады

30.09.2024, 18:04

Халықаралық турнир 6 қазанға дейін жалғасады

Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан Шымкенттегі турнирді жеңіспен бастады
ҚБФ

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшелері Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан Шымкентте өтіп жатқан халықаралық турнирдің келесі кезеңіне өтті. Боксшылар Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирге қатысып жатыр.

48 келіде жұдырықтасатын Санжар Тәшкенбай бірінші кезеңде  алматылық Сүлеймен Тілеубердімен кездесіп, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті. 54 келіде бақ сынайтын Махмұд Сабырхан Алматы облысының өкілі Тимур Кенжеақыннан басым түсті. 

Шымкенттегі халықаралық турнир 6 қазанға дейін жалғасады. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам