Финалда ол Аустралия боксшысымен жұдырықтасады
АҚШ-та 19 жасқа дейінгі боксшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Асылхан Көшербай (65 кг) финалға шықты.
Айта кетейік, аталған жарысты жаңа құрылған World Boxing ұйымы ұйымдастырып жатыр. Оған Қазақстаннан төрт боксшы қатысқан болатын.
Жартылай финалдық кездесуде Асылхан Көшербай украиналық Максим Ниженскийді жеңді. Бұған дейін қазақ боксшысы Чехия мен АҚШ өкілдерінен басым түскен болатын.
Финал 2 қараша күні өтеді. Ақтық сында Асылхан Аустралиядан келген боксшымен әлем чемпионы атағын сарапқа салады.
Айта кету керек, 85 келіде өнер көрсететін Даниял Райымбеков те жартылай финалға шыққан. Ол финалдық жолдама үшін Оңтүстік Корея боксшысымен сынға түседі.