Әлем чемпионатында 30 елден 180 спортшы қатысып жатыр
АҚШ-тың Пуэбло қаласында U19 әлем чемпионатында қазақстандық екі боксшы финалға шықты.
World Boxing Халықаралық федерациясы ұйымдастырған додада алғаш рет өнер көрсетіп жатқан отандық былғары қолғап шеберлерінің арасында жартылай финалда Асылхан Көшербай (65 келі) мен Даниял Райымбеков (85 келі) жеңіске жетті.
Енді финалда Көшербай Купер МакКонеллмен (Аустралия) шаршы алаңға шықса, ал Райымбеков Дэниел Питтпен (Уэльс) кездесетін болды.
Бұл әлем чемпионатында 30 елден 180 спортшы қатысып жатыр. Айта кететін жайт, 55 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Аманғалиев пен Диас Серікұлы (70 келі) іріктеу кезеңдерінде есе жіберді.