Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Ангелина Лукас Боливия чемпионын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

22.02.2025, 09:53

Жекпе-жек небәрі екінші раундта аяқталды

Ангелина Лукас Боливия чемпионын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)
instagram.com/angelina_lukas1997/

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас (13-1, 6 КО) 20 күн ішінде үшінші жекпе-жегін өткізіп, оны да жеңіспен аяқтады. Ол боливиялық Есения Токомен (1-0, 0 КО) жұдырықтасқан болатын.

Жекпе-жек Стамбұлда өтті және сегіз раундқа (2 минуттан) жоспарланған. Алайда, екінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Лукастың соққылар сериясына шыдамаған Токо жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, Ангелина Лукас кәсіпқой бокстағы он төртінші жеңісіне қол жеткізді. Ал, оның боливиялық қарсыласы алғаш рет жеңілді.

Лукас қаңтардың 31-нен бері үш жекпе-жек өткізіп үлгерген. Алғашында ол Мәскеуде нигериялық Айисат Ориомиді, артынша венесуэлалық Джоана Зуниганы жеңді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам