
Ол шаршы алаңға қайта оралуы мүмкін
WBO Global және WBC Азия чемпионы титулдарының иегері, сондай-ақ супер орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына үміткер болған қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) рингке қайта оралуы мүмкін бе? Sportnews.kz тілшісімен болған сұхбатта танымал спортшы бұл сұраққа жауап берді.
Айта кетейік, 2022 жылғы жекпе-жекте ауыр соққыдан нокаут алған қазақ бокашысы ұзақ уақыт емделген еді.
«Соңғы жекпе-жегімнен бері көп уақыт өтті. Менің ойымда жүрген белгілі бір жоспарларым бар. Мен жақын арада кәсіби мансабым туралы маңызды хабарландыру жасаймын. Ин ша Алла, жақсы жаңалық күтіңіздер», - деді боксшы.
Айдос Ербосынұлы кәсіпқой рингте 17 жекпе-жек өткізіп, оның 16-сында жеңіске жеткен. 11 қарсыласын нокаутқа түсірген болатын. Соңғы жекпе-жегін Айдос Ербосынұлы 2022 жылы өткізген. Кубалық Дэвид Морелламен болған кездесуде ол нокаутпен жеңіліп, ауруханадан бір-ақ шыққан болатын. Артынша миына қан құйылғаны анықталып, мәжбүрлі түрде кома халіне түсірілді. Содан бері ол боксқа қайта оралу туралы ойын бірнеше рет айтты.