Балауса Мұздыман бұрын мүлдем жеңілмеген америкалық боксшы қызбен жұдырықтасады

10.03.2025, 00:29

Балауса да кәсіпқой бокста бұған дейін жеңілмеген

Балауса Мұздыман бұрын мүлдем жеңілмеген америкалық боксшы қызбен жұдырықтасады
instagram.com/muzdi___

5 сәуірде Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Балауса Мұздыман (6-0, 5 КО) рингке шығатын болды. Оның қарсыласы бұрын мүлдем жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Розалинда Родригес (14-0, 3 КО) болмақ.

Балауса соңғы рет 2024 жылдың желтоқсан айында жекпе-жек өткізген болатын. Ол кезде отандасымыз үндістандық Сушила Виратты (6-2, 4 КО) нокаутпен жеңген еді.

Ал, Розалинда Родригес болса былтыр қазан айында соңғы жекпе-жегін өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті және аса жеңіл салмақта WBC International титулын иеленді.

Айта кетейік, бокс кешінің басты оқиғасы – орта салмақтағы WBO және IBF чемпионы Жәнібек әлімханұлы мен француз Анауэля Нгамиссенге арасындағы жекпе-жек болмақ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам